$ 494.95  525.49  5.05

Кез-келген тұлға 3 ай сынақ мерзімінен өтетін болады

Алғаш рет жұмысқа қабылданып отырған университет пен колледж түлектері сынақ мерзімінен өтуге міндетті. Бұл өзгеріс жаңа Еңбек кодексінде жазылған, деп хабарлайды 7kun.kz

«Осыдан 1,5-2 жыл бұрын біз Еңбек кодексіне ЖОО немесе колледж түлегін жұмысқа бірден 2 жылға және сынақ мерзімінсіз қабылдануы қажет деген норма енгізген едік. Біз жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге арнаулы шара қолданғымыз келді. Жұмыс беруші алдына барған жасты жұмысқа қабылдағаннан кейін арнаулы сынақтан өткізбей, 2 жылға келісім-шарт жасауы қажет. Бүгінде бұл жұмыс беру үшін өте тиімсіз», — деп түсіндірді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Біржан Нұрымбетов.

Осы арқылы сынақ мерзімі кез-келген санаттағы тұлғалар үшін 3 айға дейін міндетті болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары