$ 522.49  547.88  5.06

Екі жылдан кейін ең арзан көлік шығады

Екі жылдан кейін нарыққа ең арзан Tesla көлігі шығады деп хабарлайды «Газета.Ru» Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Масканың Твиттердегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Компания басшысының жазуынша, бұл Невададағы Gigafactory зауытының толық күшпен жұмыс істей бастауына байланысты. Жаңа көліктің құны 35 мың болуы мүмкін, ол қазіргі Model S-тен екі есе арзан.

Сондай-ақ, Илон Маск компаниясының бірінші электрлік Tesla X кроссовері Фримонтадағы зауыттан 29 қыркүйекте сатылымға шығады деп хабарлануда. Компания басшысының жазуынша, жаңа Tesla Motors инновациялық көлігі қазіргі Model S-тен 5 пайыз қымбат болады. Бұған марканың көлемі мен құрылысының күрделілігі себеп.

7kun.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары