Қарағандыда бір аптада екі науқас дәрігерге қол көтерді. Науқастар дәрігерлерге айқайлап, жұдырық ала жүгірген.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
«Немен ауыратыныңызды айту қиын ба дедім. Ол айқауға салып, мені мойнымнам ұстап итеріп жіберді. Артқа қарай құлап түстім», – дейді кардиолог дәрігер Майра Есентаева.
Дәрігер полицияға хабарласты. Ал, науқастың жауабы басқа. Әйелінің айтуынша, жолдасы былтыр инсульт алған. кардиолог үшінші қабатта қабылдайды. ЭКГ-ны бірінші қабатта жасайды. Жаяу көтерілу оған ауыр. Дәрігерден төмен түсуін сұрадық.
«Дәрігер неліктен кардиограммасыз келіп тұрсың? Баласың ба? Қанша жыл ауырып жүріп, не керек екенін білмейсің бе? деп нұсқаулықты бетіне лақтырып жіберді», – дейді әйелі.
Күні кеше тағы бір науқас ашуға берілген. Дәрігердің айтуынша, науқас тексеруден өтпей қайтып кеткен. Қабылдау аяқталғанде келіп, тексеруін талап еткен.
«Гиппократ антында дәрігерлер адамды өлтірмеуі керек деп айтылмаған. Бұл біздің қолымызда емес. Өкінішке қарай адамдар көз жұмып жатады», – дейді медициналық фирманың бас директоры Надежда Хохлова.