$ 442.05  474.14  4.74

Өскеменде такси жүргізушісі жоғалып кетті

Өскеменде 54 жастағы такси жүргізушісі Алтай Қалиев жоғалып кетті деп жазады yk-news.kz.

30 қазан күні ол Hyundai Accent маркалы автокөлігімен үйінен жұмысқа шығып кеткен. Содан оралмаған.

Бойы − 165 сантиметр. Шашы − қысқа. Қара трико мен қоңыр красовка киген. Үстінде ақ-қара түсті жылы жемпірі бар.

Өскемен қалалық ІІБ 1964 жылы туған Алтай Қалиевтің жоғалғанына байланысты туыстарынан 31 қазан күні арыз түскенін растады.

Көрген, білгендер мына телефон номерлеріне байланысқа шықса болады: 8-775-818-50-98, 8-771-437-10-39 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары