$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ірі көлемде парамен ұсталды

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев ірі көлемде парамен ұсталды деп жазады kursiv.kz.

Серік Аманғалиевті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері ұстады. Әуежайда тұтқындалған шенеуніктің қалтасында 100 мың еуро болған.

Дәл қазір Аманғалиев Ақтау қаласы ІІБ-ның уақытша қамау изоляторында.

Саяси шолушы Ербол Еділовтың айтуынша, қазіргі уақытта Маңғыстау облысының әкімдігінде кадрлық жағдай төмендегідей:

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев − Ақтау қаласы ІІБ-ның уақытша қамау изоляторында.

Облыс әкімінің орынбасары М. Скаков − науқастанып жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Р. Сакеев − еңбек демалысында.

Облыс әкімінің орынбасары Б. Жусупов − жұмыстан шығып кеткен.

Аппарат жетекшісі − бос.

Ішкі саясат басқармасының жетекшісі − бос.

Білім беру басқармасының жетекшісі − бос.

Қаржы басқармасының жетекшісі − декреттік демалыста.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары