$ 442.05  474.14  4.74

Астанада бүгін -22 градус аяз болады

Қалада алдағы үш күнде аяз сақталады, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

11 қараша күні: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік бағыттан тұрады 5-10 м/с. Температура түнде -20...-22 °С, күндіз -10...-12 °С.

12 қараша күні: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с. Температура түнде -15...-17 °С, күндіз -8...-10 °С. 13 қараша күні: көшпелі бұлт, күндіз қар. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде -12...-14 °С, күндіз -7...-9 °С.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы уақытта да ауа райы жауын-шашынды болады, еліміздің оңтүстік шығыс жартысы мен батысында жел күшейіп, бұрқасындатады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.   

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары