Жаңалықтар 11.11.2018 сағат 05:51  233

Жыл соңына дейін Астанада 55 жылы аялдама салынады

Астанада өткен жылы да жылы аяладамалар ашылған еді. Биыл тағы 55-і қолданысқа беріледі. Жаңа аялдамалар салынуын салынғанмен, әлі пайдалануға берілген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін Астанада 55 жылы аялдама салынады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астаналықтар үшін жылы аялдамалар керек-ақ. Бірақ қаланың кейбір орталық көшелері болмаса, мұндай орындар әзірге некен-саяқ. Жалпы саны – 27. Биыл тағы 55-і ашылады. Құны да арзан емес. Құрылыс жұмыстары, құрал-жабдықтар бағасы, оны орнатуды есепке алғанда – 12 млн теңге. Қазіргі уақытта павильондарды белгілі бір мекеменің қарамағына беру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл – «Ақылды қала» жобасын жүзеге асырудың бір бағыты. Жылы аялдамалар орталықтандырылған жүйе арқылы бейнебақылаумен қадағаланады. Құқық бұзған азаматтар көзге түсіп жатса, жақын жердегі ішкі істер бөліміне хабар беріледі. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл аялдамаларда жолаушылардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған.

«Жаңа аялдамалардың артықшылығы көп. Барлығы "Ақылды қала" жүйесіне қосылған. Мәселен, ауа температурасы -10 градусқа төмендеген жағдайда жылу жүйесі автоматты түрде қосылады. Ал сынап бағанасы 20 градустан көтерілсе, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Сағат түнгі бірден кейін жылу, жарық өшіріледі. Бұл тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдардың аялдамаларды қонып шығатын орынға айналдырмас үшін де жасалды», - дейді жоба жетекшісі Антон Быстримович.

Құрылысқа соққыға төзімді материалдар қолданылған. Бірақ соға берсе, бәрі сынады. Сондықтан тұрғындардың мәдениетті болғаны абзал. Айта кетейік, бюджет қаражатына салынған 55 жылы аялдамадан бөлек, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік есебінен тағы 10-ы қойылады. Жылы павильондар емхана, аурухана, мектептер, вокзал сияқты халық көп жүретін жерлерде орнатылып жатыр. Олар осы айдың 15-іне дейін қолданысқа берілмек.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар