АҚШ-тың Калифорния штатындағы орман өртінен кемінде 25 адам қаза тапқан. Олардың сүйектері Парадайс қаласы маңынан табылған. Бұл қалада 26 мың адам тұрады. Бұған дейін қала тұрғындары басқа жаққа көшірілген еді деп жазады Азаттық.
Мамандар орман өрті көрші аудандарға жайылуы мүмкін дейді. Бұл маңға жақын Малибу курортында америкалық танымал азаматтар тұрады. Сол аумақта тұрып жатқан танымал жүргізуші Ким Кардашьян жиналып кетуге бір сағат уақыты болғанын айтқан.
Жалпы штаттың 16 жерінен өрт ошағы табылған. Америка билігі мұны Калифорния тарихындағы ең ірі өрттердің қатарына жатқызып отыр. Кейбір округтерде төтенше жағдай жарияланған. Шамамен 400 өрт сөндіруші өртті сөндіруге тырысып жатыр.