$ 444.14  477.05  4.85

Қарағандыда 4 жасар бала дәріге уланып қалды

Қарағандыда дәріден уланып қалған төрт жасар бала облыстық клиникалық балалар ауруханаға жеткізілді деп жазады Nur.kz.

Бала қараусыз қалған. Үйдегі үлкендер басқа бөлмеде болыпты.

«Бала дәріні жұтып қойған. Қайта дер кезінде балалар ауруханасына жеткізілді», – дейді медициналық жедел жәрдем дәрігері.

Дәрігерлер баланың асқазанын тазалап, оны уланудан құтқарып қалды.

«Бұл кездейсоқ жағдайға үлкендердің баланы қараусыз қалдырғаны себеп болып отыр. Дәріні балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек. Мұны барлығы білгенімен, селқос қарайды», – дейді балалар ауруханасының дәрігерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары