12.11.2018, 09:35

Астанада өртке оранған сауда үйінен әйел құтқарылды

Астанада Қарасай батыр көшесінде орналасқан «Сабындыкөл» сауда үйін жалын шарпыды. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер ғимараттан әйелді аман алып шықты деп хабарлайды ҚР, ІІМ-ның Төтенше жағдайлар комиссиясының ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сауда орталығының бірінші қабатында 100 шаршы метр аумақтағы бутиктерді жалын шарпыған. Өрт сөндіру кезінде әйел құтқарылды.

Сағат 13:34 шамасында басталған өрт 13:41 уақытында сөндіріліп бітті. Тілсіз жалыннан зардап щеккендер жоқ.

Дереккөз: Newtimes.kz