$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда 2019 жылдан бастап газ бен жарық бағасы арзандайды

Қазақстанда тауарлық газ бен электр энергиясы тарифтері арзандатылады деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев деп жазады Sputniknews.kz.

Үкімет отырысы кезінде ведомство басшысы электр қуатының нарыққа енгізілуіне байланысты сектор үшін екі тарифтік әдістеме енгізілетінін айтты.

Энергия өндіретін ұйымдар электр энергиясының бағасын екі тарифке бөледі: электр энергиясына және қуатына. Электр энергиясына объективті, шекті тарифтерді белгілеу энергия өндіруші ұйымдардың сату бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Тауарлық газ бойынша энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына тарифтерін төмендету үшін министрлік бұйрық жобасын әзірледі. Бұл жобада тауарлық газдың шекті көтерме бағаларын төмендету көзделген. Біздің бағалауымыз бойынша көтерме сауда бағасын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендету — тауарлық газдың түпкі бағасын өңірге байланысты газ пайдаланатын электр станциялары үшін 6-дан 15%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, министр тиісті бұйрықтың ағымдағы жылдың қараша айының соңына жоспарланғанын айтып өтті. Яғни министрліктің газға көтерме сауда бағаларын төмендету негізінде табиғи монополияларды реттеу комитеті тиісті бұйрықтар қабылдап, станциялар үшін газ бағасын төмендетуі тиіс.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары