16.11.2018, 09:55

ШҚО-да сауда үйі өртенді

ШҚО Зыряновск қаласында ірі сауда орталықтарының бірі өртенді деп жазады ustinka.kz.

Төтеншеліктер таң атпай өртті сөндірумен арпалысқан.

Қызыл жалынның неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Белгілісі - сауда орталығындағы арендаторлардың миллионнан астам шығынға ұшырағаны.