$ 514.65  544.6  5.17

Таразда нан қымбаттап кетті

Жамбыл облысында нан бағасы күтпеген жерден 65 теңгеден 75- теңгеге өсіп кетті деп жазады КТК арнасы.

Қазір көп дүкендерде ас атасының нақты бағасы көрсетілмеген. Бірақ бір бөлке бұрынғыдан 10 теңгеге артық сатылуда. Саудагерлер бүгін нан күндегіден қымбаттырақ жеткізілгенін айтып отыр.

Ал бұл жаңалық тек халықты емес, шенеуніктерді де алаңдатып қойған. Өйткені олар да ас атасының бағасы не себепті көтерілгенін білмей отыр.

Ал облыста осы мәселеге байланысты наухабайхана қожайындарының қатысуымен шұғыл жиын өткен. Алайда мәжіліс қорытындысын жариялау келесі күнге шегеріліпті.

Өңірде нанның құны соңғы рет екі жыл бұрын көтерілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары