20 қараша күні Қостанай облысының құс базасы аймағында өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Арқалықтағы құс базасы аймағында өрт шыққаны жайлы хабалама түнгі сағат 01:42-де түскен.
Өрттің жалпы аумағы 1260 шаршы метр. Төтенше жағдай кезінде базада құстар болмаған.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Өрт газ балонын қолданарда қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан шығуы мүмкін.
Қызыл жалынды сөндіруге Қостанай облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру техникасы және 14 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Дереккөз: NewTimes.kz