Алматыда Toyota автокөлігінің жүргізушісі Subaru көлігімен соқтығысты деп жазады Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы сәрсенбі күні болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Сөйтіп қарсы бағытта келе жатқан Subaru көлігіне соғылады.
Жол апатының болуына ауа райының лезде суып, жерге мұздың қатуы себеп болған. Жарақат алған екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілген. Артынша жедел жәрдем көлігінің дәрігерлері Subaru көлігіндегі жолаушыны да әкелді.