$ 492.65  525.71  5.03

Сирияда лаңкестер тұрғындарға шабуыл жасады

Сирияның Алеппо қаласында лаңкестер шабуылынан зардап шеккендердің саны 73-ке жетті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Айта кетейік, содырлар құрамында хлоры бар оқ жаудырған.

Оқиға сенбі күні қаланың аль-Халидия мен аз-Захра аудандарында және Нил көшесінде болған. Улы газдан жарақат алғандардың қатарында 4 бала бар. Олардың барлығына қазір тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, уланғандардың көздері жасаурап, тыныс алуы нашарлаған.

Айта кетейік, Алеппо қаласында шоғырланған лаңкестік топ өкілдері мұндай шабуылдарды жиі жасап тұрады.

Дереккөз: Хабар24 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары