$ 448.89  477.93  4.76

Тікұшақтарға тапсырыс берушілер көбейіп келеді

«Eurocopter Kazakhstan Engineering» ЖШС-ның өндіріс және тұтынушыларды қолдау жөніндегі директоры Сков Хольгер Альф жеке тұлғалардың тарапынан тікұшақтарға тапсырыс көбейіп келе жатқандығын мәлімдеді, деп жазады 7kun.kz.

Компанияның басты мақсаты — тек тікұшақтарды құрастыру ғана емес. Сонымен бірге, жөндеу жұмыстары мен қызметкерлерге қатысты мәселелермен де айналысады дейді Альф.

«Тікұшақтарға деген қажеттілік тұтынушылардың не мақсатпен алуына байланысты. Осы жылы Алматы мен Астана арнап 14 тікұшақ құрастыруды жоспарлаған едік. Нәтижесінде, оның 8-і сатылды. Барлық Қазақстанның қажеттілігі 24 тікұшақты құрайды. Олар түрлі салаларда қолданылады: мұнай саласында — кен орындары қызметінде пайдалану үшін деген сияқты. Тұтынушылар өздеріне не себепті керек екендігін анықтап алуы тиіс: тасымалдау ма, медицина ма, өрт сөндіру ме. Сонымен қатар, тікұшақ алғысы келетін жеке адамдардан да тапсырыстар келіп отырады. Бүгінге дейін біз екі шағын тікұшақ сатып үлгердік», — дейді Сков Хольгер Альф.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары