Жаңалықтар 26.11.2018 сағат 03:04  247

Семейде оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

Семей қаласы мен Жарма ауданында оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Семейде оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

«Білім басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың 26 қарашасы күні Семей қаласында көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына, сондай-ақ Жарма ауданында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар үшін сабақ болмайды», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, Семей қаласында көктайғаққа байланысты 24 қараша күні екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары оқыған жоқ.

«Қазгидромет» РМК-ның ШҚО бойынша филиалы 24-25 қараша күндері өңірде жауын жауып, көктайғақ болатынын, жекелеген аумақтарда бұрқасын мен тұман күтілетінін хабарлаған еді. Желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста бірнеше күннен бері автожолдар жабылуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Соңғы жаңалықтар