$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында зейнеткер өрттен көз жұмды

Атырау облысында жеке сектордағы үй өртеніп, 73 жастағы зейнеткер көз жұмды деп жазады ҚазАқпарат.

«Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында жеке меншік үй өртке оранды. Төтенше оқиға туралы хабарлама сағат 16:25-те келіп түсті. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше аумағы 120 шаршы метр болатын үйді түгелге жуық жалын шарпып үлгерген еді. 17:13-те өрт ауыздықталып, кешкі сағат 18:32-де толығымен сөндірілді. Өкінішке қарай, тілсіз жаудан 73 жастағы қария қаза тапты. Өртті сөндіруге жеке құрамның 2 техникасы мен 7 қызметкері жұмылдырылды», – деп мәлім етті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда кісі өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары