$ 449.58  486.94  4.86

Айгүл Мүкей жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Айгүл Мүкей компания ішіндегі департаменттердің біріне басшының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Today.kz

Естеріңізге салайық, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының төрағалығына Ахметжан Есімов тағайындалғаннан кейін, қоғаммен байланыс департаментінін тізгіні Сергей Куяновқа берілген болатын.

“Мен Сергей Куяновпен 15 жылдан бері таныспын және оның осы департаментті басқаратынына қуаныштымы. Өйткені, ол өз ісінің білгір маманы. Ал, мен қазір маркетинг және ілгерілету департаменті басшысының орынбасары қызметіне ауыстым. Біздің бөлім Қазақстанға туристер тартумен айналысады” дейді Айгүл Мүкейдің өзі тілшілерге берген сұхбатында.

Ол болашақта БАҚ саласына қайта ауысқысы келетінін де жасырмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары