$ 498.34  519.72  4.85

Сабақ уақытын ауыстыру заңнамаға қайшы - Астана прокуратурасы

Мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстыру қазіргі заңнаманың талаптарына қайшы келеді, - деп хабарлайдыТengrinews.kz  Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2015 жылғы 9 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында елордалық 17 мектептің биылғы 14 қыркүйектен бастап бірінші ауысым үшін сабақ уақытын сағат 07.40-та басталатын жаңа жұмыс режиміне көшетіні туралы мәлімет таратылды. Мектептердегі сабақ кестесінің бұлай өзгеруі әрекет етуші заңнамаға қайшы келетін болғандықтан (білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды), прокуратура органдары тексеріс жүргізді, оның нәтижесінде қалалық білім басқармасының нақты мұндай шешімді қабылдамағаны анықталды», - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

«Сонымен қатар, қоғамда қалыптасқан алаңдаушылықты ескере отырып, Астана қаласының прокуратурасы биыл 10 қыркүйекте Астана қаласының әкімдігіне заңнамамен белгіленген жауапкершілікті ескерте отырып, заңды бұзуға болмайтыны туралы алдын ала ескерту енгізді», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары