Жаңалықтар 30.11.2018 сағат 10:58

Семей әуежайы желтоқсан айында жұмысын қайта бастайды

Семей әуежайының қайта құру жұмыстары аяқталды. Жөндеу 2016 жылдың желтоқсанында басталған болатын. Республикалық және облыстық қазынадан бөлінген қаражат 10 миллиард 197 миллион теңгені құрады деп жазады Altaynews.kz.

Семей әуежайы желтоқсан айында жұмысын қайта бастайды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

– Ұшу-қону жолағына жарық-дыбыстық құрылғы орнатылды, бұл әуе кемелерін кез келген ауа райында қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, әуежай ғимараты күрделі жөнделіп, аумағы толық қоршалды, – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Биылғы қазанда әуежай халықаралық стандарттарға сай деген сертификат алды.

Қазіргі кезде ұшу-қону жолағы Өскемен – Семей – Үржар, Семей – Алматы, Семей – Астана бағытындағы «АН-24» типті ұшақтарды қабылдайды. Келешекте әуежай 300-ге жуық жолаушы таситын «Боинг», «Эйрбас», «ИЛ-76» әуе кемелерін қондыра алатын болады. Сонымен қатар, тәулігіне 25-30 ұшақ қабылдап, сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсепек.

Отандық «Скат», «Қазақэйр», «Бекэйр», «ЭйрАстана» компанияларынан бөлек Ресей, Түркия, Мысыр, Араб әмірліктерінің компанияларын тартуға мүмкіндік туады.

Әуежайды алдағы желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар