Жаңалықтар 06.12.2018 сағат 08:50  331

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының басшысы қызметінен кетті

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының басшысы Асқар Бөрібаев қызметінен кетті деп жазады Tengrinews.kz.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының басшысы қызметінен кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Театр өкілдерінің айтуынша, ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған.«Бүгін таңертең Асқар Исмайылұлы өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазды. Мұндай шешім шығаруға («Паяцы» және «Сельская честь») операға дайындық кезінде бірнеше хор әртістері саботаж ұйымдастыруы себеп болған. Ол одан ары қарай мұндай жанжалдың күшеюіне жол бермеу үшін кетті. Спектакль премьерасының болмай қалу қаупі төнді. Олар жалақыны көтеруді сұрады», – деді театр өкілдері.  

Оның орнына директор қызметін атқарушы болып Ая Қалиева тағайындалды. Бір ай бұрын ол Жамбыл атындағы мемлекеттік филармаонияны басқарған еді.  Бүгін таңертең жаңа басшыны театр ұжымына вице-министр Ақтоты Райымқұлова таныстырды. 

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар Бөрібаев 2014 жылдан бері Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының басшысы болды. Ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консервоториясын және Мәскеу мемлекеттік П.И.Чайковский атындағы консервоторияны тәмамдаған. Афина консервоториясының профессоры.  Асқар Бөрібаевтың басшылығымен театр саханасында жарқын опера және балет спектакльдерінің премьералары өтті. Театр ұжымы Германия, Грекия, Италия және Грузияға гастрольдік сапарға жиі шығып тұрған. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар