$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа заң: кинотеатрларда фильмдерге қазақша субтитр қосылады

Кинотеатрдағы фильмдерде қазақ тіліндегі субтитрлер пайда болады. Мұндай норма Сенатта талқыланып жатқан «Кинематография туралы» заңнамада жазылған деп жазады Tengrinews.kz.

«Ұлттық фильмдер прокатқа қазақ тілінде шығуы тиіс, қажет болғанда басқа да тілдерде шығады. Фильмдер ҚР территориясында прокаты және көрсетілімі кинозалда қазақ тіліне аударылуы керек немесе субтитрлары болуы қажет. Немесе кадр сыртында қазақ тіліне аударылуы тиіс, тек бұл тізімге прокаты шектеулі фильмдер кірмейді», - делінген заңнаманың қорытынды нұсқасында. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі «Мәдениет туралы» заңнама фильмдерді қазақ тіліне дубляждау «декларатив» болып саналатынын айтады.  

«Елімізге шамамен 300 фильм кіріп жатады, олардың прокаты қазақ тіліне аудармасыз шығады. Бұған өзіндік себептері бар, олардың бірі - заңды иегері үшін шығын. Қазақстан территориясында кәсіби дубляждың шығыны прокаттан түскен қаражаттан әлдеқайда асып түсуі мүмкін. Қытайда, АҚШ-та негізгі тілден аудитория тіліне ыңғайлы болуы үшін барлық фильмдерге субтитрлер міндетті. Осы ең тиімді механизм», - дейді министр. 

Сонымен қатар, фильмдердің қай жастағы адамдарға арналғаны туралы классификация жасалады. Осы заңның арқасында ұлттық кинода сапа мен бәсекелестікті дами түседі. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына құқықтық негіздеге мекеме ашу көзделген. Орталық мемлекеттік фильмдерді қаржылай қолдауға арналған оператор болады.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары