Астанадағы көшелердің бірінде бойжеткеннің сөмкесін тонап, қашып кеткен күдікті ұсталды деп хабарлайды Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
22 жастағы Астана тұрғынын таңғы сағат 06:00 шамасында Затаевич көшесінде теміржол вокзалы бағытына қарай кетіп бара жатқан кезінде белгісіз ер адам сөмкесін тонап кеткен. Сөмкеде ұялы телефон және құжаттар болған.
Жедел іздестіру барысында 35 жастағы Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Ол бойжеткеннің ұялы телефонын қайтарып берді.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша қамау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталып жатыр.