$ 446.49  475.38  4.79

Назарбаев әуе кемелерін басып алуға күрес туралы 2 заңға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев әуе кемелерінде болуы мүмкін қылмыстар туралы жазылған екі заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының ресми сайты жариялаған хабарламаларда Қазақстан президентінің «Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы»; Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорда сайтында.

Сонымен бірге, «Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойғаны туралы жазылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары