Қазақстанда 2016 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен стипендия 25 пайызға көбейеді. Бұл туралы қаржы министрлігіне сілтеме жасап Азаттық жазады.
Мүгедектер мен асыраушысы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру үшін бюджеттен 48,7 миллиард теңге, стипендияларды өсіруге – 16,6 миллиард теңге бөлінбекші.
Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, 2016 жылға арналған республикалық бюджет шығысы 7 триллион 318,9 миллиард теңге көлемінде жоспарланып отыр.