$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында нан алуға дүкенге шыққан әйел жоғалып кетті

72 жастағы Галина Каирбекова дүкенге нан алуға шыққан, содан кейін үйге оралмаған. Оны туысқандары әлі іздестіріп жатыр. Галина ұмытшақ ауруымен ауырады екен. Ол осы уақытқа дейін 9 рет жоғалып, қайта табылған деп жазады Nur.kz.

Галина Каирбекова Бәйтерек ауылындағы үйінен 26 қараша күні шығып кеткен. Үстіне қызыл куртка киіпті.

Оның өзімен бірге ешқандай құжаты болмаған. Ұлы Ринаттың айтуынша, Галина 9 рет жоғалып-табылған. Еш уақытта ГРЭС ауданынан ұзаққа бармайтын ол, соңғы жоғалғанында Қаскелең қаласынан табылыпты. Туыстары әйелдің жоғалып  кеткені туралы полицияға арыз берген. Алайда, әзірге ешқандай нәтиже жоқ дейді.

«Полиция оны қалаға кетіп қалуы мүмкін екенін айтуда. Бірақ ол мүмкін емес. Ол ұмытшақ ауруымен ауыратын болған соң, кейде үйге келетін жолды ұмытып қалады. Сондықтан ол үйден құжатсыз шықпайтын. Жоғалған жағдайда полициядан көмек сұрайтын еді. Бірақ бұл жолы жеке куәлігі үйде қалған», – дейді Ринат.

Галина Каирбекова Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында жалғыз тұрады. Туыстары оған анда-санда келіп тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары