$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында ауылдың шөбін өртеп жүргендердің кім екені анықталды

Ақтөбе облысында бір ауылды үрейде ұстап, шөбін өртеп жүргендердің кім екені анықталды деп жазады Stan.kz.

Қарғалы ауданына қарасты Қостестек ауылында барлық үйдің шөбі өртенді. Онымен бірге қора-жайы да күлге айналды.

Бұған дейін ауыл тұрғындарының шөбін өртеп қана қоймай, күдіктілердің қорқытып хат жазғандары туралы хабарлаған едік.

Күдіктілер 25 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел, кәмелетке толмаған жеткіншек болып шықты. Алайда олардың бір-біріне қатысы жоқ.

Әйел кек алу үшін шөп өртегенін айтса, жасөспірім туыстарымен ұрысқан соң осылай жасаған. Ал, ер адам ақша табу мақсатында шөп өртегенін мойындады.

Шөп өртінен келген шығын 5,7 млн теңгені құрайды. Қазір іс әлі де тексеріліп жатыр. Істі прокурорлар тексеруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары