11.12.2018, 11:51

Алматыда ер адам 17-қабаттан секірмекші болды (ВИДЕО)

Алматыда ер адам 17-қабаттан секірмекші болды. Бұл сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі dorogi_almaty_official тобында жарияланған.

Оқиға Тастақ шағынауданындағы «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінде болған. Бейнежазбаның астында ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны жазылыпты.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақшы болғанын растады. Сондай-ақ, Алмалы ауданының полицейлері осыған байланысты қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.