12.12.2018, 10:56

Баланы бесікке бөлеудің пайдасы мен зияны қандай?

Бесік –  жылдар бойы атадан балаға беріліп отырған киелі мұралардың бірі. Осыдан-ақ, бесіктің қазақ халқы үшін қастерлі әрі қасиетті мұра екенін байқауға болады. Бесік жыры балаға берілетін алғашқы тәрбие деген сөз бекерден емес. Бірақ бүгінде сәбиін бесікке бөлейтіндер аздап кездесетіні рас. Себебі соңғы кездері бесіктің пайдасынан гөрі зияны көп дейтіндер аз емес деп жазады Tengrinews.kz.

Осыған дейін қазақстандық педиатр-дәрігерлер бесіктің денсаулыққа қауіп төндіретінін тұжырымдап, баланы бесікке бөлемеуге кеңес берген де жағдайлары болған. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бесікте қысылып жатқан баланың ішкі органдары зақымданып, қан айналымы дұрыс жүрмей, бұлшықет тонусына кері әсерін тигізеді-мыс.

Алайда отбасы дәрігері, педиатр Ботагөз Жампозова медициналық тұрғыдан баланы бесікке бөлеудің пайдасы жетерлік екенін айтады. Осы ретте маман расында бесікке бөлеу баланың денсаулығына қалай әсер ететіні және оның зияны бар-жоғын айтып берді. 

Дәрігердің айтуынша, бірінші кезекте бесікте жатқан сәбидің жүйке жүйесі бірқалыпты болады. 

«Бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы. Өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса,  баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне тиімді», - дейді Жампозова.

 

Тегтер: бала бесік