$ 514.65  544.6  5.17

Жамбыл облысында мұнай базасынан шыққан өрттен екі адам зардап шекті

"Амангелді ГПЗ" ЖШС Тараз филиалының аумағында мұнай қайнату пешінде өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

 Оқиға 2018 жылы 20 желтоқсанда 08:27-де Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында болды. 

"П-1 (мұнай қайнату пеші) қосылу кезінде УПН-100 құрылғысының түтін шығатын бөлігінде газ араласқан қоспа жарылысы болған.  Өрт 08:39-да ауыздықталып, 09:08-де толығымен сөндірілді. Апат салдарынан екі адам: 1987 және 1995 жылғы екі адам зардап шекті", - делінген хабарламада.  

Өрт сөндіру жұмыстарына ТЖД 7 қызметкері мен екі техника және 6 адам мен 2 арнайы техника мемлекеттік емес ұйымның мамандары жұмылдырылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары