$ 443.85  474.3  4.8

Қызылорда облысында уақыт белдеуі 1 сағат кейінге шегерілді

Қызылорда облысында уақыт 1 сағат кейінге шегерілді деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Хабарлама Қызылорда облысы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланған. 

Қызылорда қаласындағы орталық алаңда желтоқсанның 20-сынан 21-іне қараған түні сағат 00:00-де уақыт белдеуін өзгертуге байланысты арнайы шара өткізілді. 

«Сыр өңірінде табиғи биологиялық уақыттан ауытқушылық мәселесі соңғы 10 жыл бедерінде жиі көтеріліп келді. Түрлі ғылыми-зерттеу институттары да өмір сүру ритмінің бұзылуы тұрғындардың денсаулығына теріс әсер ететінін растады», - дейді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары