$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте әйел балконнан секірмекші болды (ВИДЕО)

Шымкентте әйел өз-өзіне қол жұмсамақшы болды деп жазады Оtyrar.kz.

20-нан 21 желтоқсанға қараған түні Тоқаев көшесіндегі көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы балконынан 1978 жылғы әйел секірмекші болған. 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері лезде жетіп келеді. Аға лейтенант Қанат Бусаханов төменде әйелді райынан қайтарып, әңгімеге тартқан. Сол уақытта екі полицей Абдулдаев және Ақманбетов Мұратбек есікті сырттан бұзып кіреді. 

Айта кетсек, осыған ұқсас оқиға жақында ғана Нұрсат шағынауданында болған екен. Ол кезде бойжеткен өзін бесінші қабаттың балконынан тастап жібермекші болыпты. Абырой болғанда полиция қызметкерлері қызды құтқарып қалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары