$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында жазасын өтеп жатқандар ішін тіліп тастады

Алматы облысында ішін тілген жазасын өтеушілер жақын арада Заречныйдағы түрмеге қайтарылады. Дмитрий Артющенко мен Жәнібек Байбосын бірнеше күннен бері Қапшағайдағы ауруханада жатыр. Қазір денсаулықтарына төніп тұрған қауіп жоқ деп хабарлайды КТК.

15 желтоқсанда Ла155/12 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер әлеуметтік желіге осындай бейнежолдау жүктеді. Ертеңіне олар өлім аузында жатқан күйінде табылды. Жігіттер іштеріне темір сым тыққан. Бұл әрекеттері арқылы түзету мекемесіндегі бассыздыққа қоғамның назарын аудартпақ болыпты. 

Олардың айтуынша, түрмеде көрмеген қорлықтары мен қиындықтары жоқ. Қатты қысымға ұшыраған көрінеді. Оның үстіне сотталушылар әлі күнге дейін қыстық киімнің берілмеді деп шағымданды. Ал облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер бұл айтылғандарды жоққа шығарып отыр. Яғни жазасын өтеушілердің бұлай даурығатындай жөні жоқ.

«Олар қыстық киім берілмейді деп арызданды. Бірақ құжат бойынша берілген. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша олардың кінәсі дәлелденсе, қосымша жазаланады. Егер түзету мекемесі қызметкерінің телефонды ішке алып өтіп, оларға бергені анықталса, ол жұмыстан шығарылады», – дейді Алматы облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары Нұрлан Қалиақпаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары