$ 446.49  475.38  4.79

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Сауд Арабиясы қатысуға ниет танытты

Сауд Арабиясы 2017 жылы Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысады. Бұл туралы Сауд Арабиясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Горм Саид Малхан хабарлады. 

Екі жақты кездесуде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов мұнайды экспортқа шығаруда әлем бойынша басты елдердің бірі саналатын Сауд Арабиясының энергияның балама көздерін пайдалануға қатысты зерттеу жұмыстарына байланысты белсенді түрде инвестиция жасайтындығын атап айтты. Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов дүниелер экспозицияның маңызды бөлшегіне айналатындығына сенім білдірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Елші таяу күндері ресми келісім беретіндігін жеткізді 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары