$ 443.85  474.3  4.8

Каспий теңізіне қыста түскен қазақстандық бойжеткен ресейлік арнаның жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Қазақстандық Зарина Андюшина «Бірінші арнадағы» «Видели видео» бағдарламасының жаңа жылдық шығарылымына қатысты деп жазады lada.kz.  

Жоба авторлары «Бірінші арнаға» бағдарлама түсіру үшін әлеуметтік желіде танымал болған Ақтау қаласының тұрғыны Зарина Андрюшинаны түсірілімге шақырған.

Ағымдағы жылдың басында бойжеткен мұзды Каспийде шомылып, желі қолданушыларын таңғалдырған. Сөйтіп Қазнетте танымал болған еді. 

Бейнежазбада қыздың мұзды суға түскені көрсетілген.

Ендігіде Зарина Андрюшина тек Қазақстанға ғана емес, басқа аймақтарға да танымал болды. Бойжеткен «Видели видео?» бағдарламасына шақырылған.

Отандасымыз қатысқан бағдарлама қашан экранға шығатыны білгісіз. Оны кейіпкердің өзі де білмейді. 

«Видели видео?» бұл ең қызықты және танымал видеолардың авторлары қатысатын жоба.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары