$ 444.32  473.33  4.76

Индонезияда цунамиден қаза тапқандардың саны 370-ке жетті

Индонезияның Ява мен Суматра аралдары арасындағы Зонд мүйісінде болған цунамиден қаза тапқандар саны 370-тен, жараланғандар саны бір жарым мың адамнан асты. 120 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Бұл туралы Индонезияның табиғи апаттардың алдын алу агенттігі хабарлады.

Индонезиядағы цунамиден қираған елді жағалаудағы нысандар. 24 желтоқсан 2018 жыл.
Индонезиядағы цунамиден қираған елді жағалаудағы нысандар. 24 желтоқсан 2018 жыл.

22 желтоқсан күні Зонд мүйісіндегі аралда Анак-Кракатау жанартауы атқылаған. Мамандардың болжамынша, сол кезде болған жерасты дүмпулері цунамиге ұласып, Суматра мен Ява аралдарының жағалауына лап берген. Цунамиден жүздеген ғимарат қирап, танымал туристік нысандар орналасқан Лампунг және Бантен провинцияларының жағалаулары қатты зардап шекті.

Цунами жөніндегі халықаралық ақпарат орталығының мәліметінше, қатты толқын тудыратын жанартаудың атқылауы сирек кездеседі және ондай жағдайда билік тұрғындарды ескертіп үлгере алмайды.

2004 жылы 26 желтоқсанда Суматраның батыс жағалауында болған жер сілкінісі мен цунамиден 220 мың адам (оның 168 мыңы Индонезияда) қаза тапқан.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары