26.12.2018, 15:22

Қостанай облысында қинап өлтірілген ер адамның мәйіті табылды

Денисов ауданында қинап өлтірілген белгілері бар ер адамның мәйіті табылды деп жазады alau.kz.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел іздестіру барысында күдікті ұсталған. 

«Күдікті Денисов ауданына қарасты Зааятское ауылының тұрғыны. Бұрын да сотты болған. Аталған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — дейді полиция қызметкерлері.

Күдікті уақытша қамауға алынды.