$ 447.4  477.55  4.76

Астанада автобус қызды қағып кетті

Астанада автобус жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қызды қағып кетті деп жазады Newtimes.kz.

Бұл оқиға 27 желтоқсан күні Жағалау ықшамауданында болған.

"Жол апаты болған Ш.Айтматов көшесінде сағат 08:20-дан бастап тексеру жұмыстары жүргізілуде. №61 маршрут автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолақтан өтіп бара жатқан жолаушыны қағып кеткен. Жол апатынан зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта полиция жол апатының болу салдарын анықтауда.   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары