$ 498.34  519.72  4.85

Шүлбі шлюзі келер жылы іске қосылады

Бүгінде бұл нысанда қорғаушы гидротехникалық құрылғының негізгі элементтерін құрастыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, алдағы құрастыру жұмыстары үшін жабдықтар мен металл құрамалары әзірленуде.

2013 жылы келісім-шарт жасалған «ИртышГЭСстрой» ЖШС мердігер ұйымы жаю жұмыстарын орындап, уақытша дамба үйме жасады, кіреберіс жол салды.

«Шүлбі шлюзінің кеме жүретін құрылымын салудың мақсаты  Шүлбі су қоймасы барынша толған жағдайда шлюзді көктемгі және күзгі су тасқыны кезінде қауіпсіз пайдалану жағын қамтамасыз ету, Сонымен бірге, Ертіс аумағының төменгі жағында орналасқан елдімекендерде су тасқынын болдырмау», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары