Доллар курсы айырбас нүктелерінде 384 теңгеге жетті.
Kurs.kz мәліметінше, доллар кейбір айырбас нүктелерінде 384 теңгеден сатылып жатыр. Бірнеше сағат бұрын ғана 382 теңгеден сатылған.
Күндізгі сауда бойынша биржадағы орташа бағам 28 желтоқсан күні 381,49 теңгені құрады. Таңертеңгі және күндізгі сессиялардағы АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ доллары үшін 380,44 теңгені (+5,29 теңге) құрады, жалпы сауда көлемі 152 750 АҚШ долларын құрады (-2 750 мың АҚШ доллары).
Ресей рублінің орташа бағамы бір рубль үшін 5,5088 теңге, сауда көлемі 25 млн. рубль болды.
Таңертең және түстен кейін Ресей рублінің орташа бағамы бір рубль үшін 5,5088 теңге болды, жалпы сауда көлемі 25 млн. рубль болды.
Дереккөз: Stan.kz