$ 494.87  520.65  4.91

Украина Қазақстан билігіне наразылық білдірді

Украина Қазақстан билігіне қазақстандық мектеп оқулықтарында Қырымның Ресей территориясы ретінде көрсетілгеніне наразылық білдірді.

Украинаның Қазақстандағы елшілігі бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігіне Қырымның «Ресей федерациясының субъектісі» деп көрсетілгеніне наразылығын білдіріп, нота жолдағанын мәлімдеді. «Мектеп баспасы шығарған оқулықтарда Қырым автономиялық республикасы Ресей территориясы ретінде көрсетілген. Бұл халықаралық қауымдастық ұстанымына да және Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын бірнеше рет білдірген Қазақстан билігінің ұстанымына да қайшы келеді» делінген мәлімдемеде.

Бұл туралы бүін Украина елшілігінің баспасөз хатташесі Ирина Блащук Азаттыққа хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары