Елордада «электронды сот» жобасы іске қосылып, нәтижесінде жасалған бағдарлама аясында енді арызданушы мен жауап беруші, прокурор, судья арасындағы міндетті түрдегі байланыс шектеледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұның барлығы электронды түрде жүзеге асады, сонымен қатар сот шешімі көпшілікке жария етіледі. Соның нәтижесінде барынша ашықтық орнап, коррупциялық белгілер жойылмақ, оның ішіндегі ең бастысы – елорда тұрғындарына осы салада көрсетілетін қызмет түрі жаңа, сапалы деңгейге көшпек.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 20 –шы қарашасында ҚР Судьяларының VІ съезінде Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми:«Сот төрелігін жүзеге асыру процесіне ақпараттандыруды кеңінен енгізу - уақыт талабы. Қазақстан соттарында сот төрелігін іске асыру процесін анағұрлым жетілдіруге, сот қызметіне қол жеткізуге және анықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететін жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда», - деп мәлімдеген болатын.