$ 485.04  525.98  5.04

Ақмола облысында құс фабрикасы салынады

Ақмола облысының Атбасар қаласында ірі құс фабрикасы салынады деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаны шаһардағы диірмен кешендерінің бірі қолға алмақ.

«Сәйкесінше, фабрика да диірмен жанынан бой көтеріп, құс жемінен тапшылық болмайды», – дейді мамандар.

Жаңа нысанда алғашқы кезеңде 50 мың тауық болады. Ал келешекте бұл көрсеткіш 100 мыңға дейін көбеймек. Жоспар бойынша фабрикада 30 адам жұмыспен қамтылады.

Айта кетейік, Ақмола облысының батыс аудандарында құс фабрикасы мүлдем жоқ.

 

«Тауық еті мен жұмыртқасы нарықта сұранысқа ие. Біз қазір фабрика салатын жерді, құжаттары мен жоба жоспарын жасап қойдық. Құрылыс көктемге қарай басталады», – дейді кәсіпорын директорының орынбасары Заур Заитов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары