Ақтауда көлік қағып кеткен бойжеткен ес-түссіз жатыр. Жол апаты 5 қаңтар күні 14-шағынауданында неке қию сарайының маңында болды деп жазады inaktau.kz.
Оқиға түнгі сағат 23:00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, қызды көлік жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жанында қаққан.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1998 жылғы бойжеткенді жедел жәрдем көлігі шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Ол жан сақтау бөліміне жатқызылған.
Алайда, дәрігерлер қыздың әлі күнге дейін ес-түссіз жатқанын және жағдайы ауыр екенін айтады.