Бүгін Алматыда «Құран» аудармасының таныстырылымы өтті. Ел тарихында алғаш рет Қазақстан азаматы Серік Рысжанов Құранды орыс тіліне аударған деп хабарлайды NUR.KZ.
Аударманың ерекшелігі – автор өз бетінше Құрандағы араб тілін үйреніп, Исламдағы қандай да бір ағымдардың көзқарасына сүйенбестен Құранды аударған.
Автор өз сөзінде атап өткендей, ол Исламды 1998 жылдан бастап зерттеп келе жатыр екен.
«Осы уақыт ішінде мен тариқаттан бастап, тәкфірге дейінге барлық ағымдарда болып келдім. Уақыт өте келе мен бұл бағыттардың субъективті екенін түсініп, Құран мәтінін тікелей түсіну үшін өз бетімше араб тілін үйрене бастадым. Ол үшін мен Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры В.В.Лебедевтың «Учись читать Коран по арабский» атты үш томдық кітабын және Барановтың екі томдық сөздігін сатып алдым.
Бүкіл курсты бір жарым жыл ішінде оқып шықтым. Оған қоса, Құранның орыс тіліне аудармаларын, шамамен 15 аудармасын зерттеп, ондағы аударма Исламдағы белгілі бір көзқарастардың негізінде жасалғанын түсіндім. Менің аудармам Құран өзін-өзі түсіндіретіндей әдістемеге негізделген», – дейді автор.
Серік Рысжанов адамдарда Құранды түсіну үшін басқа да балама болуы керек деп есептейді.
Кітап 1000 дана көлемінде шығарылған.