$ 449.58  486.94  4.86

Юлия Галышева фристайлдан әлем кубогінде бірінші орынға ие болды

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайлдан әлем кубогінде жеңімпаз атанды деп жазады Stan.kz.

Әлем кубогі Канаданың Калгари қаласында өтті. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттіңн баспасөз қызметінің мәліметінше, финалда 2018 жылғы Олимпиаданың қол жүлдегері 79,10 балл алды.

Бұл оның бірінші сатыға көтерілуіне жол ашты. Екінші орынды франциялық Перрин Лаффонға қалды. Ол 77,96 балл алды. Үштікті америкалық Джейлин Кауф иемдеді. Оның блы – 76,10.

Естеріңізде болса, Юлия Галышева 2018 жылғы Пхеньчханда өткен қысқы олимпиада ойындарында үшінші орынды жеңіп, қола жүлдегер атанған болатын. Финляндияның Рука қаласында өткен әлем кубогында күміс жүлдегер атанды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары