Оқиға 13 қаңтар күні күндіз 11 шағынауданның №28 үйінде орналасқан ерлер аяқ киімін сататын дүкенде болған деп жазады Lada.kz.
Дүкен иесі белгісіз ер адам 10 мың теңге тұратын аяқ киімді киім, өзінікін тастап кеткенін айтады.
Бейнебақылау камерасында түрі анық көрініп тұрған тұрғынды полицейлер тез арада тауып үлгерген. Алайда ер адамның психикалық ауытқуы бар боп шықты.