$ 494.87  520.65  4.91

Астанада көлік қағып кеткен қостанайлық бойжеткен табылды

Туыстары екі күн бойы іздеген 26 жастағы Қостанай облысы Денисов ауданының тұрғыны Сабина Жүнісбекова табылды деп жазады Alau.kz.

«Сабина Астанадағы ауруханада жатыр екен. Маған бұл туралы мекеме басшысы хабарлады. Дәрігердің айтуынша, соңғы күндері қызымның есінде жоқ екен. Қазір Сабинаның денсаулығын білу үшін Астанада тұратын ағам кетті», – дейді бойжеткеннің әкесі Мұрат Жүнісбеков.

Айта кетсек, Сабинаның туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арыз жазған болатын.  Бойжеткен Қостанай облысынан Астанаға жұмыс істеуге келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары